Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауы өткізілді

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2016
  • 4693

Таразда «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауы басталды. 29 бастауыш ұйым қатысатын сайыстың бірінші күнінде 17 ұйым бақ сынауда. 2 күнге созылатын байқау 3 санат бойынша өткізілмек. Ережеге сай, жұмыстар 7 критерий бойынша өлшенеді. Партиялық жобаларды іске асыру, ішкі партиялық жұмыс, жаңа әдістерді пайдалану және азаматтық бастамаларды орындау секілді бағыттарды қамтиды. Атқарылған жұмыстар комиссия мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты өкілдері назарына телекөпір арқылы ұсынылды. Шараның мақсаты - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бастауыш партия ұйымдарының нәтижелі жұмыстарын көрсету.

Руслан Сайлаубаев, «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалы бастауыш партия ұйымының төрағасы:

1 жыл бойы атқарылған еңбектің нәтижесін саралайтын күн. Енді жалпы орталық бастауыш партия ұйымы 9 партиялық жоба бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Алдағы уақытта да сол партиялық жобалар аясында жұмыстарымызды жандыра береміз.

Байқаудың бірінші кезеңі аудан-қалаларда өткен. Оған Жамбыл облысындағы 400-ден астам бастауыш партия ұйымдары қатысты. Байзақ ауданында 38 бастауыш партия ұйымы бар. Атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық.

Шолпан Байтақова, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

16 БПҰ-на кабинет ашылған. Бұл үлкен мүмкіншілік, БПҰ жұмысын жандандыру үшін берілген мүмкіндік. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту жобасы аясында, қазіргі 2016 жылы керемет жоба іске асқан. Сол жоба аясында біздің Байзақ ауданымызға 240 млн 500 мың теңге несие беріліп отыр.