Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана – Петропавл тас жолында көлік бұланды қағып, адамдар зардап шекті

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2023
  • 951

Астана – Петропавл тас жолында көлік бұланды соғып кетті, жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 тамыз күні сағат 23:30 шамасында "Астана – Петропавл" тас жолының 282-шақырымында Щучье бағытында келе жатқан Audi-80 көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолға қарай шыққан бұланды қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақат алды",-деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 5 жазатайым оқиға тіркеліп, адамдар зардап шегіп, оларға материалдық шығын келген.