Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тұңғыш рет "Әкелер форумы" өтті

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2016
  • 2384

Астанада 20-ға жуық азамат «Үлгілі әке» атанып, республикалық форумда арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Олар бала тәрбиесіне қосқан үлесі мен белсенді көзқарастары үшін осындай құрметке лайық деп танылды. Бұл іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "25 игі іс" акциясы аясында өтіп жатыр.

Елімізде тұңғыш рет өткізілген шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ге жуық әке қатысқан. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай форумдар ер азаматтардың отбасына көбірек көңіл бөліп, бала тәрбиесіне барынша ат салысуына септігін тигізеді.  

Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары:

Әкелер қоғамы мен әкелер бірлестігі белсенді жұмыс істеп келеді. Олар тіпті мектептер мен оқу орнындарында іс-шаралар өткізіп, жастарды патриотизмге тәрбиелеуде. Сондықтан мұндай акциялар толыққанды тұлғаның қалыптасарына ықпал етеді деп сенемін.