Қызылордада
салауатты өмір салтын серік еткен қариялар бар. Олардың әрекеті өз қатарластары
ғана емес, жастарға да үлгі-өнеге. Түрлі ауру-сырқауды спорттың көмегімен жеңіп
келеді. Әріптесім Шарипа Сақтапова әжейлер өткізген шеберлік сағатына қатысып
қайтты.
Валентина
Усмановаға осыдан 10 жыл бұрын Паркинсон дертіне шалдыққан деген диогнозы
қойылыпты. Жүйке жасушаларының өлуіне
алып келетін аурудың бүгінде ізі де қалмаған. Суда жүзудің түрлі тәсілін
меңгерген әжейдің өнеріне таңдай қақпайтын жан жоқ.
Валентина
Усманова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Таңертең
жарты сағат, 40 минут дене шынықтырумен айналысамын. Ал түстен кейн 1-1,5 сағат
бассейнге түсіп, өзімнің денсаулығымды
осылайша күтіп жүрмін. Нәтижесі өте жақсы, сырқатым мазаламайды.
Тымау
мен басқа да сырқаттарды мұндағы әуесқой спортшылар елемейді. Түрлі өсімдік
сығындыларынан дайындалатын тұнбаларды да қабылдамайды. Олардың ұстанымы - суда
жүзу. Қазір арнайы топ құруды қолға алған. Ондағылардың үлкені 85 жаста, ал ең
кішісі 60-та.
Гүлшара
Ембергенова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Су
бүкіл денедегі ағзаны тазартады, бұлшық еттер қатаяды, жалпы денсаулыққа
пайдасы өте мол. Докторларға жүгіргенше, осы таза ауада көбірек жүріп, дене шынықтырумен айналысу қажет деп ойлаймын.
Хауыздың
басшылығы Валентина әжейді спорт орталығының белді мүшесі деп қабылдайды.
Сондықтан оның кез келген уақытта келіп жүзуіне рұқсат берілген.
Жеңіс
Мұхамеджанов, спорт орталығының аға әкімшісі:
Әжеміз
өте жақсы үлгі беруде. Бұл кісі сырқатына қарамастан, осы түрлі жаттығулар
жасап, бассейнде жүзу тәсілдерін үйреніп, осылай өзінің сырқатын жеңді. Осылай жастарымызды, келіп жатқан
кісілеріміздің бұл кісіні көргелі, көзқарастары өмірге деген, спортқа деген,
денсаулыққа деген көзқарастары өзгереді. Мен бүл кісіні көргенде, шынымен де, таң
қалғам: бұл қалай деп.
Дәрігерлер суда жүзу кез-келген адамның
денсаулығына пайдалы екенін айтады. Су тән мен жанды, рухты тазартады, - дейді.
Таир
Белгібаев, дәрігер-кардиолог:
Жүрек
қан тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартады, бұлшық еттерге де пайдалы. Адам
денесін еркін ұстап, барлық мүшелерге оттегі жеткізіледі. Жүзу жүйке
ауруларының да алдын алады. Мысалы, мойын остеохондрозына пайдалы, ішектердің
де жұмысын жақсартады.
Ал
белсенді әжейлердің тағы бір тобы жаяу жүріп, спортпен шұғылдануды әдетке
айналдырған. Сексенге келген Ғалия Надырқұлова діттеген жеріне тек аяңдап жаяу
барады. Күніне ондаған шақырым жүретін әжейдің пайымынша, адамның құлқы болса,
бәріне үлгеруге болады: немерені де бағып, дәмді тағам да әзірлеп, базарға барып,
сауданы да жасайды.
Шарипа
САҚТАПОВА