Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ит-мысықтарды чиптеу жұмысы басталады

Еліміздегі барлық ит пен мысыққа чип салынады. Мамандардың айтуынша, бұл арнайы құрылғыда үй жануары туралы бүкіл дерек сақталады. Тіпті жоғалған ит-мысықты тауып, анықтау ісі жеңілдейді. Бірақ бұл бастамаға қарсылар да бар. Толығырақ тілшіміздің материалында.

 Иненің ұшындағы титімдей чип жануардың жонынан енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл микрочипте ит пен мысық туралы керек деректің бәрі, тіпті қандай ауруға шалдыққаны сақталады, әрі "иесінің" қозғалысына кедергі келтірмейтін көрінеді. Чиптегі мәлімет арнайы сканермен оқылады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

 Қазір орталықта небары төрт мысық бар. Олардың екеуіне көз алдымызда чип салынды, ал қалған екеуіне енді салынады. Содан кейін олар бұрынғы мекеніне қайта жіберіледі.

Қыркүйектегі бастаманы күтпей, ит-мысығын чиптеуге асыққан оралдықтарды мамандар құптап отыр. Айтуынша, бұл ветеринарлардың жұмысын жеңілдетеді.

Бекжасар СИДИХОВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯ ДИРЕКТОРЫ:

 Мысалы, 6 мың ит бар ма Орал қаласында, 6 мың итке вакцина алады. Көрдіңіз бе? Ол 6 мыңнан көп болатынын, аз болатынын қайдан біледі? Соның бәрі учетта болатын болса, ветеринар уже өзінің жұмысын жоспарлайды. 12 мың вакцина керек, 20 мың ангельметик керек, тағы сол сияқты.

Дегенмен бастамаға қарсы пікірдегілер де бар. Олардың айтуынша, бұл -қосымша шығын.

Евгений МАКСИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Мысалы, менің алабай тұқымды дәу итім бар. Мен секілді саяжайда тұратындар мұндай үлкен иттерді ермек үшін емес, үйін күзету үшін ұстайды. Бірақ мұндай ірі төбетте дәрігерге апару аз шығын емес. Таксиге қимаған теңгеңді ветеринардың үйге келуі үшін төлеуге тура келеді. Бірақ бүкіл екпелерін уақытылы алдық. Бізді қинап отырғаны осы ғана.

Оралда көше кезген бұралқы иттердің саны 6 мыңнан асқан. Бұған қоса, тұрғындар ұстайтын 11 мың төбет тіркеуге алынған, ал мысық саны 500-ге жетпейді.

Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қауып алған жағдайда адамды иесі бар иттер тіркелген болса, чиптелген болса, оны тауып алуға жеңіл немесе мысықтар жоғалып кетеді, т.б. сондай-сондай мәселелер. Сосын тиісті привикаларын алады, т.т. учетта болғаны жақсы, ауру да тарап кетуі мүмкін.

Тұрғындар үйіндегі ит-мысығына орнатылатын чипке өзі ақы төлейді. Бұған 2 жарым мың теңгесін қимағандар айыппұл төлейді. Ал жағдайы жоқтарға бұл қызмет тегін жасалмақ.