Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте иммунтапшылығы вирусынан қорғайтын препарат сынақтан өтті

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2023
  • 1023

Бойында вирусы бар жанның жұбы бір ғана таблетканы тұрақты ішіп отырса, ауру жұқтырмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер антивирустық препаратты алғаш рет 2021 жылы тәжірибе ретінде қолданып көрген. Содан бері вирусты жаңадан жұқтыру дерегі тыйылды. Жалпы Шымкентте иммун тапшылығы вирусымен 2 мыңға жуық адам есепте тұр. Биыл оның бес жүзден астамына мемлекет бюджеті есебінен дәрі сатып алынды.

Алайда дәрігерлерді науқастардың өз бетінше тексеруден өтіп, алдын – алу шараларына немқұрайлы қарайтыны алаңдатып отыр.

Бірінші дәрігер бағалау жүргізеді. Одан кейін ол кісіге медициналық карта ашылып, алдын-ала АИТВ, вирустық гепатиттерге, қанның биохимиялық талдауына зертханалық талдау жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша препараттар беріледі. Бұл препарат таблетка түрінде, күніне бір рет қолдануға арналған, - деді қалалық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.