«Самұрық-Қазына» АҚ QAZAQ AIR әуе компаниясын сатылымға шығарды.
«Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді», - делінген қордың баспасөз қызметі.
Минималды сома- 10,2 млрд теңге.
«2015 жылы іргесі қаланған QAZAQ AIR жаңа әуе компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес QAZAQ AIR-ді осы жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Активті жекешелендіру «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі.
Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.