Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал блогер күйеуі көзіне шөп салғанын айтты

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2023
  • 1061

Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында жұбайы көзіне шөп салғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бағдарлама жүргізуші блогерден отбасындағы мәселе туралы сұраған.

"Жаңадан үйленген жылдары болды. Психологияға келуім отбасымыздағы жағдайлардан болды. Содан кейін көп ізденіп, психологқа бардым. Солардан оқып, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық", - дейді ол.

Алайда Құралай бұл жағдайды күйеуінің бетіне баспайтынын жеткізді.

"Ол ситуацияға алғысым шексіз. Ол ситуация болмаса, әлі сиыр сауып отырар едім", - дейді психолог.