Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқашта жол апатынан 9 адам бақилық болды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2023
  • 775

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында тіркелген. Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.