Русский Сайттың толық нұсқасы

Ислам Сәтбаев Қазақстанға нысана көздеуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасын сыйлады

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2023
  • 1070

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандасымыз Ислам Сәтбаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады.

Мұнда швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл-нысана көздеуден Ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы.