Ақтауда демалыс орнында ер адам мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2023
  • 1348
Ақтауда демалыс орнында ер адам мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

Ақтауда бір-біріне жақын орналасөан екі екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті.

Қайғылы оқиға жексенбі, яғни 20 тамызда болған.

«Монтажник» демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткен анықталды.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орталығында болды. 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кетті», - делінген жедел жәрдем хабарламасында.

Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды.

Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.