азақстан қор биржасының дерегінше, 21 тамыз, яғни дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы бірден 7,27 теңгеге арзандады.
КASE Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі доллардың, сондай-ақ еуро мен рубльдің бағамы күрт арзандағанын мәлімдеді.
Атап айтқанда:
Доллар бағамы – 452,34 теңге;
Еуро бағамы – 493,05 теңге;
Рубль бағамы – 4,8 теңге;
Юань бағамы 62 теңге болды.
Айта кетсек, доллар мен еуро бағамы 2022 жылдың 1 шілдесінен бері алғаш рет күрт құлдырап отыр.