Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
"Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз. Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады. Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар", - деді Рахмонов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-де кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.