Русский Сайттың толық нұсқасы

Смайылов мал азығын баяу дайындап жатқан өңірлерді атады

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2023
  • 708

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Смайылов қазіргі жағдайда жемшөп дайындауға ерекше назар аудару қажет екенін айтты.

Бүгінгі таңда Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында мал азығын дайындау қарқыны жақсы. Ал, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жұмыстар баяу жүруде. Аталған өңірлер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жұмыс қарқынын күшейтіп, жемшөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі қажет, – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер облыс әкімдіктеріне тұрақты бағаны сақтай отырып, жемшөп қорын сапалы дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.