Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс төрағасы, «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жеке қабылдау өткізді

Мәжіліс Спикері, «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен кездесуге еліміздің әр өңірінен келген тұрғындар әлі күнге дейін түйіні тарқамаған мәселелерді жеткізді. Ал қабылдауға келе алмаған азаматтар тікелей бейнебайланыс арқылы төрағамен тілдесіп, қордаланған мәселелерінің шешімін тапты. Ерлан Қошанов барлық қаралған өтініш бойынша партия филиалдарына нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілуін жеке бақылауына алды.