Русский Сайттың толық нұсқасы

Бюджет кірісі 7,4 пайызға өсті

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2016
  • 3057

Бюджет кірісі 7,4 пайызға өсті. Бүгін президент қабылдауында 9 айды қорытындылаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Бюджет кірісінің тұрақталып, артуына - тиімді экономикалық саясат пен заңнамаларға енгізілген өзгерістер себеп болса керек. Әрі салық пен кедендік басқару жетілдірілген. Ал жекешелендіруге қатысты тапсырма берген президент бар шаруаның мейлінше ашық, жариялы болуын ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Стратегиялық инвесторларды тарту. Баяғы 90 жылдарда жасаған шаруамызды қазір қайталауымыз керек басқа жағдайда. Ең бірінші, үлкен инвесторларға келетІн тікелей сату мәселесі. Екіншіден, өзіміздің инвесторларға сату мәселесі. Әсіресе өзіміздің инвесторларға жекешелендіру кезінде ашық болу керек.