Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәдениет және спорт министрлігі: Допинг қолданған спортшыларға қарсы қылмыстық іс қозғайтын заң жобасы қажет

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2016
  • 3105

Бұдан былай допинг қолданған спортшы қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Сәкен Мұсайбеков заңға осындай өзгеріс енгізу туралы ұсыныс енгізілетінін айтты. Ол кезде спортшы ғана емес, дәрігер, жаттықтырушы, тіпті допинг тасымалдаған адам да жауапқа тартылмақ.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Бізде осындай жағдай болып қалды, енді не істейміз? Мойынсұнуымыз керек. Біз, осындай жағдай қайталанбас үшін, заң жобасын күшейтуді көздеп отырмыз. Мысалға, Италия, Германияда осы допингты пайдаланағаны үшін 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Рұқсат етілмеген дәрілерді әкеп бергендер де жазаға тартылады.

Естеріңізге салайық, Халықаралық олимпиада комитеті Лондон олимпиадасының жүлдегерлері Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло мен Майа Манеза допинг қабылдады деп, жеңістерін жоққа шығарған еді. Ал спортшыларға кезінде берілген қыруар қаржы мен пәтерлер өздерінде қалмақ. Вице-министрдің айтуынша, допингке байланысты сый-сияпатты қайтарып алу ешбір заңнамада қарастырылмаған.