Русский Сайттың толық нұсқасы

"18 жасымда тұрмысқа шықтым": Әнші Ayree жеке өміріне қатысты құпиясын ашты

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2023
  • 987

Отандық жас әнші Ayree Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл ғана бірге тұрдық. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Мен кішкентай кезімнен ата-анамның сүйікті қызы, ата-апамның сүйікті немересі, аға-әпкелерімнің ең сүйікті жиені болдым. Кішкентайымнан ханшайым сияқты махаббатқа қанып өстім. Бірақ мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Күйеуім менің бірінші жігітім, алғашқы махаббатым еді. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, 19 жасымда ұлымды босандым. Тез есейіп кеттім. Тұрмысқа шыққанда өмірім одан да керемет болады деп ойлаған менің бәрінен көңілім қалды”, – дейді Ayree.

Өнер иесі сұхбат барысында осы уақытқа дейін ешкім білмеген құпиясымен бөлісті.

“Мен ұлымды дүниеге әкелдім. Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет”, – дейді әнші.