Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2023
  • 1054

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "СОМЭ" сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Каспий теңізінің акваториясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 03:24-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 2213 шақырым жерде Каспий теңізінде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 12.3.

Магнитудасы: MPV 5.9.

Тереңдігі: 5 км.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.

19 тамызда Қазақстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінді.