Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда парақорлығы үшін сотталғандар айыппұл төлемей отыр

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2016
  • 1684

Оралда пара алғаны үшін істі болғандар айыппұлдарын төлемей отыр. Қарыз 9 жарым миллионнан асып жығылды. Жыл басынан бері заңға қайшы әрекет еткен облыстағы 21 адамға 73 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Оның 64 миллион теңгесі қазынаға түскен. Яғни айыбын өтеген.

Жыл басынан бері жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен 31 лауазымды тұлға ұсталған. Оның ішінде ішкі істер органдары, ауыл әкімдері мен өзге де құрылымдық мекемелердің қызметкерлері бар. Прокурорлар ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері пара алуға бейім келетінін айтады. Дегенмен, бас бостандығынан айыру жазасы ақшалай айыппұлмен алмастырылғалы бері парақорлар саны азайған.

Айта кетелік, 2015 жылы Қылмыстық Кодекске енгізілген жаңа ережеге сай, сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер түрмеге отырғызылмай, ақшалай айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Парақорлар алған ақшаның 50-ден 80 есе қып қайтаруы тиіс.

Назым Галимова, БҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

Қазір, мысалы, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанша, айыппұл тағайындалғаны әлдеқайда тиімді болып келеді. Сол себептен қылмыстардың 80 пайызына айыппұл тағайындау жазалары қолданылуда. Өткен жылмен салыстырғанда бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 25 пайызға төмендеді.

Еркін КАРИН