Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс істеу жеңілдей түспек

Енді кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс істеу жеңілдей түспек. Тараптар қандай қадамжасады? Автонесиеге өтініш бергендердің қатары көбейген. Оған не себеп? Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жаңа толқыны басталды. Бұған дейін, шілдеде зейнетақы жинағын алу сомасы мен өтінімдер саны төрт есе өскен. Қордың мәліметі бойынша, егер қаңтардан маусымға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайын орта есеппен 7 млрд теңге шығарылса, шілде айында бұл сома 28.5 млрд теңгеге дейін артқан. Қаражатты зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, өздері, жұбайы немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеуге пайдалана алады және жинақтарының толық сомасын шығару мүмкіндігінен тұрады.

САУДА САТТЫҚ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

Енді кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс істеу жеңілдей түседі. Бизнесмендерге мемлекеттік органдарымен жұмыс кезінде өз елінің электронды цифрлық қолтаңбасын қодануға рұқсат берілді. Осылайша азаматтар әр ел үшін жеке электронды цифрлық қолтаңба кілттерін алмайды. Яғни, жұмыс жеңілдеп, шығындар азаймақ. Бұл болашақта трансшекаралық сауданы дамытып, одақтың интеграциясын тездетету үшін жасалып отыр.

АВТОНЕСИЕГЕ СҰРАНЫС АРТТЫ

Елімізде автонесиеге өтініш бергендердің саны 26 пайызға артқан. Көлік саудасының өсуіне қытай көліктерінің біздің елге көптеп келуі мен логистиканың қалыпқа келуі сеп болып отыр. Ипотека нарығында да сұраныс бар. Өтінімдер саны 17 пайызға өскен. Оған құрылыс компаниялары мен банктер арасындағы әріптестік әсер еткен. Ұлттық банктің дерегінше, екінші тоқсандағы өсім негізінен кепілсіз тұтынушылық несиенің арқасында болып отыр. Ол 17 пайызға өсіп, 18,8 млн өтінім түскен. Негізінен тауар сатып алуға жарияланған акциялар мен бөліп төлеудің саны көп.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚЫМБАТТАДЫ

Фармацевтикалық өнімдер бір жылда 11% қымбаттаған. Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Алматы қаласында байқалады. Одан кейін Ұлытау және Қызылорда облыстары тұр. Әсіресе парацетамол, йод ерітіндісі мен «Аквалор Форте» спрейі қымбаттаған. Қазақстан импортқа тәуелді. Былтыр ТМД елдерінен 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген, бұл былтырғыдан 3,8% аз. Препараттардың дені Ресейден әкелінді. Сондай-ақ, Беларусь пен Украинадан импортталады. Ал, ТМД-ға кірмейтін басқа мемлекеттерден импорт көлемі 9,9 мың тонна, былтырғыдан 19,9% артық. Үздік үштікке Қытай, Германия және Үндістан кірді.