Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 22 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Ақтөбеде тамыз мәслихаты «Ауыл мектебін дамыту» тақырыбында өтті. Енді шалғай елдімекендерде де білім ошағы «Жайлы мектеп »ұлттық жоба аясында салынады. Олар заманауи материалды- техникалық базамен жабдықталады.

Биылдан бастап мұғалімдердің жұмысқа орналасуы электрондық жүйе арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіне де өзгеріс еңгізілмек. Мектептердің қаржылық жағын басқару орталықтандырылады.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

 Бізде бірқатар жаңа жобалар бүгін жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, біріншіден Ақтөбе облысы орталықтандырылған бұлтты бухгалтерияны еңгіздік. Уже басталып кетті. Ең алдымен көптеген Ақтөбе қаласы мектептері осы жүйеге көшірілді.

Облыста 428 білім ошағы бала қабылдауға дайын. Оның 33 күрделі жөндеуден өткен. Қазір өңірде 22 мектеп салынып жатыр. Оның алтауы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Жайық СҰЛТАН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облысымызға 22 млрдтан астам қаражат көлемінде жеке инвестиция тартылып отыр. Ол бала бақша салуға, мектептер салуға сонымен қатар қосымша білім ұйымдарын салуға. Сондай-ақ бірхалықаралық мектепті жоспарлап отырмыз. Сол шетелдік инвестордың есебінен.

Өңір бйоынша алты мектеп үздік деп танылды. Олар жеті миллионнан он бес миллион теңгеге дейін ақшалай сертификатқа ие болды.

Маржанкүл ТОЙШЫМАНОВА, №21 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Критерийлер ішінде білім сапасы, тәрбие, құқық бұзушылық, инклюзивті білім беру, балалар қауіпсіздігі сияқты білім беру ұйымдарында болуы тиіс барлығы қамтылған. Осы критерийлер бойынша жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз.

Сондай-ақ 4 млрд теңгеден астам қайырымдылық қор қаражаты шағын жинақты мектептерді дамытуға жұмсалмақ. Сол арқылы бұл мектептерде білім беру сапасын жақсартып, материалды техникалық базасын нығайту көзделіп отыр. Бұл пилоттық жобаға өңірдегі 134 шағын жинақты мектеп қатысады.