Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Тамыз кеңесінде айтты. Ол «оқу жылын 36 аптаға ұзарту дұрыс, бірақ бұл асығыс шешім болды», - деді. Бұдан бөлек, министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз кеңесі қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекет басшысы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздарға алғыс білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРІ:
Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінгі басқосуда жас ұрпаққа озық білім, өнегелі тәрбие беру мәселесіне қатысты салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұғалім мәртебесі көтеріліп келеді. Биыл оқу бітірген әрбір төртінші түлек педагогикалық мамандықты таңдаған. Мемлекеттік грантқа үміткерлердің 25 проценті мұғалім болуды шешкен. Осыдан 5 жыл бұрын талапкерлер тегін оқуға 50 ұпаймен түссе, биыл шекті көрсеткіш 111 балды көрсетті.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МИНИСТРІ:
Білім беру жүйесінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған қаражат көлемі тек соңғы 5 жылда ғана екі есеге немесе 2-ден 4,5 трлн теңгеге дейін артты. Бүгінде осындай қаражат Қазақстанның білім жүйесіне жұмсалуда.