4 тамызда кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды шақыра алған, деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.
"Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Сондай-ақ құтқарушылар тауға шықпас бұрын үнемі жүретін бағытты мұқият зерттеуді сұрады.
"Мүмкіндік болған жағдайда офлайн режимде пайдалануға ыңғайлы болатын бағыт картасын жүктеп алған жөн. Күтпеген оқыс оқиға орын алса, көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.