Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 2,7 млн адам әлі де үй телефонын қолданады

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2023
  • 1265

Ұлттық статистика бюросы елімізде жылдан жылға тіркелген телефон желілерінің саны азайып келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда тіркелген телефон желілерінің саны 2,7 млн бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,4% аз. Оның ішінде 2,1 млн қолданушы – халық, қалғаны – кәсіпорындар», - деп жазды мекемеден.

Былтыр тіркелген телефон желілерінің ең көп саны Алматыда болған – 466,6 мың бірлік, бір жыл ішінде көрсеткіш 23 мыңға азайды. Бұдан әрі Астана – 226,7 мың абонент, бір жылда 20 мың желі ағытылып тасталды. Абоненттер саны бойынша алғашқы үштікте Қарағанды облысы –220,8 мың бірлік, бір жыл ішінде 49,3 мың желіге азайды.

Айта кету керек, 5 жыл ішінде телефон желілерінің саны 11,6% азайды. Егер 2018 жылы желілер саны 3,2 млн бірлікті құраса, 2022 жылы олардың саны 2,8 млн болды.