Русский Сайттың толық нұсқасы

Кентау қаласының экс-әкімі 10 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2023
  • 979

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Рашид Аюпов Қылмыстық кодекстің 177-бабы (1997 жылғы редакциясы) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Рашид Аюпов ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігінде, 312-бабының 5-бөлігінде (1997 жылғы редакциясы) көзделген қылмыстары үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деп үкім оқыды судья.

Сондай-ақ, оның 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұған қоса, Р. Аюповтан сыбайлас жемқорлық жолымен алған 422 млн 800 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілмек.