Русский Сайттың толық нұсқасы

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2023
  • 1455

Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан - әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!»,– деп жазды ол.