Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қызы Саида Мирзиееваны көмекшісі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысының Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Өзбекстан Республикасы президентінің тиісті жарлығымен Саида Шавкатқызы Мирзиеева Өзбекстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Саида Мирзиеева 38 жаста. Ол - Өзбекстанның қазіргі президентінің үлкен қызы. Мирзиеева Өзбекстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан.
Сондай-ақ, Өзбекстан басшысы бірқатар басқа кадрлық ауыс-түйіс жасады.