Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар әкімі сынға ұшырап, қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2023
  • 1976

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізбегені үшін Павлодар әкімі Ержан Иманзаиповты қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді», - деп жазылған Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.