Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та 20 жастағы жігіт дүкендегі адамдарға оқ жаудырды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2023
  • 1396

 АҚШ-тың Флорида штатының Джексонвилль қаласында кем дегенде үш адам нәсілшіл адам қолынан қаза тапты. Шабуылдаушы өзін өзі өлтірді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, қарулы ақтәнді адам (оның жеке басы әлі ашылмаған, бірақ ол шамамен 20 жаста екені белгілі) Dollar General дүкеніне кіріп, адамдарға оқ жаудырды. Ол оқ өткізбейтін кеудеше киіп, тапаншамен және жартылай автоматты мылтықпен қаруланған.

Шабуылдаушы қара нәсілді екі ер адам мен әйелді атып өлтіріп, оқиға орнына полиция келгеннен кейін өзіне қол салды.

Джексонвилль мэрі Донна Диган бұл нәсілшілдік негізінде жасалған «жеккөрушілікке толы қылмыс» деп мәлімдеді.

Шабуылшы жалғыз әрекет етті және өзін өлтіруді бастапқыда-ақ жоспарлады деп болжануда.

Жергілікті шериф Т.Уотерстің айтуынша, қылмыскер Джексонвилльдегі Клэй округінде ата-анасымен бірге тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол бірнеше манифест, соның ішінде ата-анасына, полицияға және бұқаралық ақпарат құралдарына үндеухат жазған.

ФТБ атыс фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады, ол оны жеккөрушіліктен жасалған қылмыс деп санайды.

Шабуыл сенбі күні АҚШ-та Вашингтонға шерудің 60 жылдық мерейтойына және кіші Мартин Лютер Кингтің «Менің арманым бар» атты әйгілі сөзіне орай еске алу шаралары кезінде болды.