Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында көпіршік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соқты

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2023
  • 1528

Полиция департаменітнің мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы тоқ соққан.

«Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды тоқ соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатқанын, қажет сараптама тағайындалған.