Русский Сайттың толық нұсқасы

Феникс емес «Феникс»... Т.Жаманқұлов ақша жегенін мойындаған...

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2016
  • 1972

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметі «Феникс» фильмін түсіруге бөлінген бюджет қаржысын қымқырды деген күдікпен ұсталған белгілі қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің кінәсін мойындады, өкінетінін айтып, келтірген шығынының бір бөлігін жапты» деген хабарлама таратты.

«Т.Жаманқұлов қаржының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын және сол ұрланған бюджет қаражатын жеке бастарының шаруасына жұмсағандарын растады»,- деп жалғастырған. Бюро оның кім екенін, жасын, шығынның бір бөлігін жапқанын және кепілге мүлік қойғанын ескергендерін, сөйтіп оған байланысты «кепіл» шарасы қолданылғанын жариялады. Қылмыстық жауапкершіліктен босату шығынды толығымен жапқан кезде қаралатынын айтқан.

 

 Сәрсенбінің кешінде «Феникс» деген фильмнің бас продюсері,белгілі актер «Қазақстанның халық артисі» Т.Жаманқұловтың фильмге бюджеттен бөлінген 79 млн теңгенің 69 млн-н жымқырғаны үшін ұсталғаны туралы информация шықты. Өзі құрылтайшы болып табылатын "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС арқылы деген, Бюро таратқан ақпаратта. 

Бұл фильмге байланысты оның режиссері мен продюсері Мәдениет министрімен былтырдан бері дауласып келе жатқан. «Откат» сұрады – жоқ, бұл жала» деп келетін «диалог». Одан осы күзде «кір темаларға» ұласқан.

Фе́никс—өзін жағып жіберетін, сосын қайта қанат қағатын мифологиялық құс. Түрлі мәдениеттердің аңыздарында бар. Оның сипаттамасы бүркітке ұқсайды, бірақ қауырсыны ашық қызыл немесе батқан күндей қып-қызыл. Ажалды сезіп, өзін жағып жібереді, ал күлінен қайта пайда болады. Үнемі жаңарудың символы.

Ал түсірілмей қалған «Феникс» фильмі «басқаның» символы болып тұр...