Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, жеті адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2023
  • 914

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше апат 28 тамызда 12:20 шамасында болған.

1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.

"Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді", – делінген хабарламада.