Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында вакцина алмаған балалар жаппай қызылша жұқтырды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2023
  • 1082

Түркістан облысында 14 жасқа дейінгі 48 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде қызылша болуы мүмкін 119 жағдай тіркелген.

Оның 70-і зертханалық тексеруден соң дәлелденіп отыр. Вирус жұқтырушылар арасында 14 жасқа дейінгі 48 бала бар.

Сондай-ақ, эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижесінде қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқандардың көбі инфекция жұқтырғаны белгілі болған.

Олардың арасында Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара аудандарының тұрғындары көп.

«Қызылша - көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері - эпидемиялық маусымы саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі - 7-21 күн. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды» делінген Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.