Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында ауыл тұрғындары жолдың жөнделгенін атап өтіп, дастархан жайған

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2023
  • 1999

Жетісу облысындағы Бақтыбай ауылының тұрғындары асфальт төселгенінің құрметіне дастархан жайған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан көшенің ортасына қойылған үстелге ауыл тұрғындарының азық-түлік әкеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары ауыл тұрғындарын құттықтап, асфальттің дастархан жаю үшін керемет себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ кейбірі көшесі жөнделсе дәл осылай дастархан жасайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды тұрғындары көшелеріне асфальт төселгенін атап өтіп, дастархан жайған еді. Ал түнде отшашу атқан.