Қайғылы жол апаты Қызылорда-Павлодар А17 тас жолы бойынша 28 маусымда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 маусымда сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120-шы шақырымында жеңіл автокөлік пен КаМАЗ соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.