Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда ер адам 23 жыл бойы пәтерінің ішінде қайық жасаған

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2023
  • 1242

Петропавл тұрғыны арманын жүзеге асыру үшін пәтерін қайық жасайтын орынға айналдырған. 2000 жылы басталған қайық құрылысы тек 23 жылдан кейін аяқталыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Skopetro Instagram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайықты балкон арқылы кранмен төмен түсірген. Мәлім болғандай Евгений Осташко қайығын 23 жыл бойы жасап, құрылысты тек жақында ғана аяқтаған.

Ер адамның сөзінше, қайық құрылысы бастапқыда тек қызығушылықтан басталып, кейін өміріндегі ең маңызды істердің біріне айналған.

"Жұмыс істеу үшін гаражды да пайдалануға болар еді, бірақ ол жерде көлік тұрады. Әрі қыста жұмыс істеу ыңғайсыз болар еді, сондықтан пәтерде жұмыс істеймін деп шештім. Ұзақ уақыттан кейін пәтерім кеңейіп қалды", – дейді ол.

Қайықты пәтерден шығару үшін кей бөліктерін бұзуға тура келген. Енді суға түсірмей тұрып қайта жасау керек. Евгений 23 жылдық еңбегін "Славия 2000" деп атаған.