Әнші Kalifarniyaның әйелі сахнада халыққа сәлем салды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жақында биші қызбен шаңырақ көтеріп, үйлену тойын өткізген әнші Kalifarniya Алматыда өткен концертте ән айтты. Сахнада келіншегін іздеген әнші "Менің халқыма сәлем сал" дегені естіледі. Күйеуінің сөзін жерге тастамаған Анель жиналған адамдарға иіліп сәлем берген.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, ризашылықтарын білдірді.
"Бақытты бол, айналайын", "Жаным, сәлем сал десе, салып қояды өзі, алтын қыз", "Жаным, сәлем салғаны жарасып тұр өзіне", "Ұл тап", "Қыз тап, егізден тап", "Жарайсыңдар", "Тәп-тәтті жұп өзі", "Тәңір тілеуіңді берсін", - деп жазды олар.
Аспаздың оқуына түсіп, курьер болып, хит жазған әнші Kalifarniya туралы елге не белгілі? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.