Русский Сайттың толық нұсқасы

"Конституцияны сыйлап, бағынып, сана-сезімімізге сіңірсек көп мемлекеттің алдына шығамыз", - саясаттанушы

Елімізде Конституциялық реформа жүргізілді. 30-дан астам ұлттық заңнамаға, оның ішінде 10-ға жуық конституциялық, салалық заңға өзгеріс енді. Жаңа нормалардың барлығы іске асырыла бастады. Нақты не өзгерді? Аружан Задабек шолу жасайды.
Ата заң – елдігімізді дәлелдейтін, құқығымызды қорғайтын басты құжат. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы 98 баптан тұратын Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданған еді.
 28 жылда құжат 6 рет өзгерді. Ең басты жаңашылдық былтыр жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды. Онда 33 бапқа 56 түзету мен толықтыру енгізілді. Ата Заңның үштен бір бөлігі жаңа сипатқа көшті.

БЛИЦ-ОПРОС:
- Депутаттарды халық өзі сайлайтын жағдайға жетті. Бұл дұрыс деп ойлаймын мен. Содан өзгерістердің болғанына қуаныштымыз. Әрі қарай да осындай жақсы өзгерістер күтеміз.
- Конституциялық сот туралы енді әділдік алып келеді деп сенемін. Елдің болашағы ғой. Жылап жүрген ел көп. Сонын әділдігін шешсе тек қана.
- Депутаттарды халық сайлаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, халықтың сөзі, таңдаған таңдау дұрыс. Өздерінің болашағы үшін, балаларының болашағы үшін. Әділетті депутатты біледі деп ойлаймын.
- Дұрыс ол, Конституциялық сот деген. Халыққа жақсы да. Құдай берекесін берсін. Жайлап түзеліп келе жатыр біздің Қазақстан.
Жаңа нормалардың барлығы жыл басынан бастап рет-ретімен орындалып келеді. Оны көз көріп, құлап естіп жатыр. Әрине, нәтижені бағалау үшін аз уақыт. Бастысы Конституциялық Сот қайта құрылды. Азаматтар тікелей жүгінуге мүмкіндік алды.
 Бүгінге дейін оған 4 мың адам өтініш тастаған. Ондағы 10-нан астам арызға нормативті қаулы қабылданды.

Дәурен СӘКЕНҰЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Көп жағдайда соттың жұмысына, сот жүйесінің жұмысына көп сұрақтар бар еді. Яғни, «ол тәуелсіз емес, басқа да құқықтық органдардың саясатын, олардың мақсатын, мүддесін қорғайды» деген сияқты. Енді конституциялық сот сол сұрақтарға да өзінің жауабын айтып, өзінің жеке тежегіштік басқа құқықтық органдарға Қазақстандағы Әділетті Қазақстанды құруға өзінің күші бар, жететінін дәлелдеу үшін де құрылды.
Бұдан өзге өзгерістерге де тоқталсақ. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Бір адам екінші рет мемлекет басқара алмайды және оның мерзімі 7 жылға созылды. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Депутаттарды сайлау жүйесі де өзгеріске ұшырады. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар енді тек қана халыққа тиесілі.

Ермек АБДУРАСҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Көп өзгерістер Конституцияға енгізілді. Оның бәрі адамның құқығына байланысты, оны кеңейту. Мысалы, суперпрезиденттік республикадан президенттік республикаға қайта көшіру, үлкен мәселе. Өйткені халық осыны күтіп отырды. Егер де бәріміз Конституцияны сыйлап, Конституцияға бағынып, сана-сезімімізге, қанымызға осы принциптар кірсе онда біздің мемлекет те алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенемін.
Қысқасы, былтыр ел дамуына қарқын беретін маңызды шешімдер қабылданды. Президент Қазақстан халқына Жолдауында да, Ұлытау мен Түркістанда өткен ұлттық құрылтайларда да реформалардың мәні мен мақсатын тағы нақтылады. Бір сөзбен айтқанда Ата Заңымыз заманға сай жаңғырды.