Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 199 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2023
  • 1370

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында 380 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 199 ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 277 нысан бейімделді.

Павлодар облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 380-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 199-ының толық бейімделгені расталды.

Мәселен, қалада мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер – 60 (әкімдіктер – 40, облыстық басқармалар – 7, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері – 13);

- денсаулық сақтау нысандары – 20 (емханалар – 10, ауруханалар – 6, медициналық орталықтар – 4);

- білім беру нысандары – 52 (мектептер – 50, оқушылар сарайы – 2);

- мәдениет нысандары – 18 (мәдениет үйлері – 10, мұражайлар – 2, кітапханалар – 6);

- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 49 (банк филиалдары – 2, пошта бөлімшелері – 2, әлеуметтік оңалту орталықтары – 2, медициналық-әлеуметтік мекемелер – 5, сауда үйлері – 2, дәріханалар – 3, теміржол вокзалдары – 1, автовокзалдар – 2 және т. б.);

181 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 663 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 159; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 185; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 159, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 160.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 396 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 41 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 9 – нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау шеңберінде 32 тексеру.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 38 ұйғарым беріліп, 907,2 мың теңгеге 5 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.