Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдау: Парламент ғимаратына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналып жатыр

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2023
  • 843

Парламент ғимаратына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен еңбек адамдары жиналуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біраздан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталып, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді.

Президент Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар ҚР Президенті баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.