31 тамыз күні мүгедектер арбасындағы 90 жастағы жапондық Миура есімді альпинист достарымен және отбасымен бірге Фудзи тауына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кyodo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар 3776 метр биіктікке үш күн ішінде көтерілді. Альпинист өзінің бағдарламасын қолдағандарға алғысын білдірді.
2020 жылдың маусымында 87 жастағы Миура жұлынның эпидуральды гематомасының өздігінен пайда болуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оның мойын нервтері қысылып, қолдары мен аяқтарында сал ауруын тудырады. Ол ауруханада сегіз айға жуық жатты. Миура 2013 жылы 80 жасында Эвересттің ең биік шыңын бағындырған әлемдегі ең қарт адам болды.
"Бәріне рақмет. Шыңға шықсам деген тілегімді орындадым. Бұл керемет болды", - деді 90 жастағы альпинист.