Русский Сайттың толық нұсқасы

Ыстамбұлдық «Бешикташ» Бахтиер Зайнутдиновке құрмет көрсетті

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2023
  • 713

Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубына ауысқан Бахтиер Зайнутдинов түрік клубының атмосферасына еніп, жанкүйерлерін қуантты, ал матчтан кейін клуб бүкіл стадионға домбыра үнін қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» футбол клубының шәкірті Бахтиер Зайнутдинов дебюттік кездесуінде түрік «Бешикташына» жеңіс әкелген болатын.

3 қыркүйекте «Бешикташ» суперлиганың төртінші турында «Сиваспормен» ойнайды, Бахтиер осы кездесуден кейін бірден ұлттық құрамаға аттанады.

Алматылық орындаушы Aididau Батеканың бірінші голынан кейін домбырамен «Бешикташ» жанкүйерлерінің әнін орындады. Видео Түркияда желіге тарап, әнші қыз Киевтің «Динамосына» қарсы ойынға шақырылды.