Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жолдау халықтың қамы үшін жарияланады» , - еңбек адамы

Жолдауда су мәселесінің қозғалуы – өте орынды. Өйткені еліміз үшін тіршілік нәрінің маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Еңбек адамдары осылай дейді. 2040 жылға қарай Қазақстандағы суға сұраныс 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Мемлекет басшысы елдегі тапшылықтың зардабын азайту үшін тиісті сараптамалар мен талдаулар қажет екенін айтты. Ал, мамандар бұл проблеманы үш жылдың ішінде шешуге тырысамыз – дейді.

Нұртілек ТАСАТХАН, «АСТАНА-ЭНЕРГИЯ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл сайын осы Жолдауды күтіп отырамыз. Президентіміз тапсырмалар беріп жатады. Реформалар айтып жатады. Оның бәрі халықтың қамы үшін. Су мәселесі шешіледі деген үміттемін.

Боранбай ЖАМБАУЛОВ, «ЕЛОРДА ДАМУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сондай бір жақсы ұсыныстарды айтып кетті. Ол халыққа керек нәрсе. Халыққа қажетті нәрсе. Енді жанағы айтқан қойған үкіметке талабын әрі қарай жүзеге асырады деп ойлаймыз.