Мемлекет басшысының Жолдауын заңнамалық тұрғыдан қолдау – Сенаттың басты міндеті. Бұл- Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзі. Мемлекет басшысы өз сөзінде экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты басымдылықтарды айқындап берді - деді төраға. Енді осы міндеттерді іске асыру бәріміз үшін маңызды екенін айтты.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жолдау әрдайым ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына әсерін тигізуде. Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса мән беріп отыр.