Русский Сайттың толық нұсқасы

"Халықтың көкейіндегіні дөп басты",-тұрғын

Президент қоғамды алаңдатқан мәселелерді көтерді. Әсіресе, ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы, су тапшылығы проблемасын шешу, жастарды қолдау шаралары көпшіліктің көңілінен шықты.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Соңғы екі жылда екінші рет ең төменгі жалақының мөлшерін 85 мың теңгеге өсіріп жатыр. Енді бұл өте қуанышты деп есептеймін өз басым. Себебі қазіргі уақытта, нарықтық заманда инфляцияның әсері бар, тұрмысқа қажетті заттардың бағасының өсуіне байланысты сәйкесінше ең төменгі жалақының өсуі де дұрыс деп есептеймін.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Су және ирригация министрлігі құрылады деді. Бұл өте бұптайтын дүние деп ойлаймын. Себібі, біз Қазақстан кішкентай ғана мемлекет емеспіз, өте үлкен териториялық аумақпыз. Бізде ағыс су проблемасы бар. Сондықтан да бұл министрлік енді болашақта осы жұмыстармен жүйелі түрде айналысып, көрші елдермен арадағы қарым-қатынасты, су мәселесін түпкілікті шешуге жұмыс істейді деп ойлаймын. 


- Біз жастар болған соң бізге әсіресе білім саласы маңызды ғой. Жатаханамен қамту деді, жайлы мектеп деді мектеп оқушыларына жатаханамен қамту студенттердің барлығына қажетті. 

 БЛИЦ-ОПРОС:

- Ірі монополистерді 5 жыл сайын аудит амалдарын атқару деген дүние, ол өте бір керемет дүние деп ойлаймыз. Аудит амалдарын жүргізу қажеттігін уақыт өзі көрсетіп отыр.

- Айтылған мәселелердің шешілу мерзімі 3 жылдан аспау керек деді. Егер 3 жылдан асып кетсе жауапты мекемелер, жауапты тұлғалар жауапқа тартылады деді. Мәселелер шешілсе деген үміт, ниет біздікі.