Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді аудан, қала әкімдері сайланады

2 жылдан бері ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар сайлап келеді. Оң өзгерістің бары байқалады. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін де жергілікті тұрғындар өзі сайлайды. Бұл жұмыстың жүйелі жүруіне мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Жалпы, Президент биылғы Жолдауында барлық саланы қамтыды. Әсіресе, әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерге қатысты жүктемелер көп. Мамандар сол міндеттер орындалса елдің даму қарқыны әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілетініне сенімді.

Ардақ ХАСЕНОВ, "АСТАНА ОРМАНЫ" ЖШС БАС АГРОНОМЫ:

Президенттің Жолдауда айтқан барлық тармақтары менің көңілімнен шықты. Ауыл ол еліміздің алтын бесігі ғой. Сол ауыл дамыса елімізде дамиды деп ойлаймын. Өйткені біздің ата-бабаларымыз ежелден сол ауылда мал асырап, көшпенді болып өмір сүріп келген. Сондықтан да ауылға көңіл бөлген өте өзекті мәселенің бірі.

Бекжан САДЫҚОВ, САРАПШЫ:

Жолдау қазір бәрімізді алаңдатып жүрген сұрақтарға жауап берді. Президент бұл жолы барлық өзекті мәселелерге тоқталды. Әрқайсысын саралап, нақты шешім шығаруға жол сілтеді. Су, ауылшаруашылығы, елді-мекендерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Енді осының бәрінен түйін шығару керек.