Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жаңа министрлік құрылды

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2023
  • 820

2023 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында президент қаулы етті:

"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі одан Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін бөліп шығару, оған су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен құрылды".