Русский Сайттың толық нұсқасы

Экономикалық құқық бұзушылық жіті назарда

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2016
  • 3073

Осы жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлік фактілері мемлекетке 94 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті. Оның айтуынша, түрлі айла-тәсілмен іске асқан кәсіпкерліктің екі мыңы әшкерлерленіп, 800-ден астамы тергеумен аяқталған.

Мұрат Жұманбай, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша залал 94 млрд теңгені құрады. Оның өтелгені 2,5 млрд теңге. Ал, 7,9 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Яғни болашақта залалды өтеу үшін.