Русский Сайттың толық нұсқасы

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2023
  • 585

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Серік Мақашұлы бұған дейін Сауда және интеграция министрі болып қызмет атқарған. Ол бұл лауазымға 2022 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.